Жамбыл облысында мемқызметшілер қызметтік көлікті жеке шаруасына пайдаланған
Жамбыл облысында 68 мемлекеттік қызметшінің қызметтік көлігін жеке шаруасына пайдаланғаны анықталды.
Олар жүргізушісін балаларын балабақша мен мектепке тасу үшін жүйелі түрде жұмсап отырған. Тіпті аудандардың бірінде сот төрағасы әкімдікке қарасты бөлім көлігін иемденіп, тойға барыпты. Төрағаның теріс іс әрекеті қызметтік тексерістен кейін дәлелденді. Сонымен қоса қызметтік көлікті тізгіндегендер 46 рет жол ережесін бұзғаны анықталды. Былтыр 11 рет әдеп кеңесі өтіп, онда 74 мемлекеттік қызметшінің заңсыз әрекеті қаралған. Заң талаптарын бұзудың 566 дерегі анықталыпты.