Баба ерлігін ұлықтау – ұрпақ парызы
Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тауып, із-түзсіз кеткен құрбандарды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып келеді.
Баба ерлігін ұлықтаған шараны ел бойынша қазір 100-ге жуық мектеп қолға алған. Бұл туралы бүгін ұрыс қимылдар ардагерлерінің республикалық басқосуында айтылды. Әр өңірден арнайы шақыртылған халық қалаулылары мен бірлестік мүшелері кешегі майдангерлердің тағылымды тағдырын өскелең ұрпаққа насихаттау жолдарын талқылады. Астанада өткен алқалы жиында алдағы мерейлі мереке Жеңістің 80 жылдығын атап өту жоспары да пысықталды.
Мақсұт Нұриманов, «ҚР Ұрыс қимылдар ардагерлері» заңды тұлғалар бірлестігінің жоғары кеңес мүшесі:
- Енді ҚР ұрыс қимылдар ардагерлерінің қауымдастықтары жастарды патриоттық сезімде тәрбиелеу мен бейбітшілікті дамытуға, халықтар достығын нығайтуға үлкен үлес қосу мақсатында Астанада шара өткізіп жатырмыз. Бүгінгі біздің кездесуге депутат мырзалардың келіп отырғаны дәстүрлі іске айналады деп ойланамыз.
Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Осындай ардагер ағаларымыз тәрбиелеген дұрыс. Бұл кісілер соғысқа барған. Қанын төккен, батырлық жасаған. Ұрыс-шайқастарға бейбітшілік кезінде мемлекеттіміздің атынан миссиясын орындап батырлық көрсеткен азаматтар. Әрине бұлар өмірдің де бағасын жақсы біледі. Арнайы келіп отырмын. Бірге ақылдасамыз сөйлесеміз. Алдағы уақытта жастарды тәрбиелеуде қандай жаңа әдістер енгізу керек, сол туралы айтамыз.