Ақтөбеде «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» конференциясы өтті

Ақтөбеде Қазақстан Халқы ассамблеясының 30 жылдығына арналған республикалық конференция өтті.

«Бірлік пен келісімнің 30 жылы» деп аталған жиында этносаралық татулықты одан әрі нығайту жолдары талқыланды. Басқосуда сөз алғандар қоғамдық институттың ел бірлігін сақтаудағы маңызды рөлін атап өтті. Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облысынан келген делегаттар тәжірбиелерімен бөлісіп, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту жөнінде ұсыныс жасады. Сонымен қатар мерейтойлық шаралардың жоспары таныстырылды. Ассамблеяның құрылған күніне орай елімізде форумдар мен «Қайырымдылық керуені» акциясы ұйымдастырылады. Сала ардагерлері марапатталып, көрме өткізіліп, концерттік бағдарламалар көпшілік назарына ұсынылады.

Сергей Вишняк, облыстық мәслихат депутаты:

- Ақтөбе облысындағы этномедиация көпшілік тарапынан жоғары бағаланып отыр. Біз жастардың отаншылдық сезімін ояту арқылы оларды ұйыстыруға, бірлігін нығайтуға ықпал етіп келеміз. Өз елін, жерін сүйген адам әрдайым татулықта болады.