Кеңгір су қоймасы бойынша комиссия құрылды
Жезқазғандағы Кеңгір су қоймасының көктемгі тасқынға дайындығын бақылау мақсатында арнайы комиссия құрылды.
Мамандар су өткізгіш шлюздердің жұмысын тексеріп, өткізу деңгейін анықтайды.
Өңірдегі ең ірі жасанды көлдің жалпы сыйымдылығы – 319 млн текше метр, қазіргі таңда оның 89 пайызы толған. Су қоймасының арнасы әлі күнге дейін иесіз күйде, ал гидротехникалық құрылғылар жер қойнауын пайдаланушы компанияның басқаруына берілген. Былтырдан бері стратегиялық нысанды мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүріп жатыр.
Аян Ерсейітов, Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы:
- Қазіргі таңда күндіз еріп, т үнде қатып жатыр. Бұл ауа райы судың бірден келмеуіне әсер етеді. Яғни, күндіз еріп, түнде қатқан су жәйімен, өзінің ағысымен келеді. 6-7 наурыз аралығында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілетін болады. сол оқу-жаттығу кезінде барлық шандорларды ашып тексеріп жұмыс істеу қабылетін байқайтын боламыз.