Абай облысында ауызсумен қамту бойынша 33 жоба жүзеге асады

Абай облысында 30 мың адам тұратын 18 елді мекенде ауызсу тапшы.

Жергілікті билік жыл соңына дейін таза сумен қамту бойынша 33 жобаны жүзеге асырады. Осылайша, облыс тұрғындары түгелдей сапалы сумен қамтылады. Қазір шалғайдағы ауылдарда су құбырын тарту жұмыстары жүріп жатыр. Халықты сапалы ауызсумен қамту үшін 10 млрд теңге жұмсалады. Қазір қаражаттың жартысынан астамы игерілген. 

Жандос Қайырханов, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- Он сегіз жобаны былтыр қостық қой. Соның арқасында біз 14 496 адамды сумен қамтамасыз еттік. Енді қалғаны осы жиырма алты жоба қамтитын тұрғынның  саны бұл 28 011 адам болып саналады. Осы жоспарға сәйкес іске асрытаны болсақ, 2025 жылдың осңына дейін жүз пайызға жетеміз деген ойдамыз.