Asar Baspana қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар қамауға алынды

Asar Baspana қаржы пирамидасын ұйымдастырған екі адам ұсталып, екі ай мерзімге қамауға алынды.

Ауқымды операция еліміздің барлық өңірінде жүргізілді. Олар заңсыз қызмет аясында салымшылардан қаражат тартып, есесіне ай сайын салған сомасының 30% -ы мөлшерінде пайда табуды уәде еткен. Күдіктілердің кеңселері мен үй жайларын тінту кезінде 1 млрд 200 мың теңгеден астам қолма-қол ақша, 13 автокөлік, оның ішінде премиум санатты темір тұлпарлар тәркіленді.

Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:                                                

- Алаяқтық схема тұтынушылық кооператив ретінде жасырылған. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар азаматтарға мүлік, көлік және тұрмыстық тауарларға инвестиция салуды ұсынған. Қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушы қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.