Ұлытау облысы Экология департаментінің бұрынғы басшысы мен оның орынбасары 6 жылға сотталды
Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, лауазымды тұлғалар 2024 жылдың қазан мен желтоқсан айы аралығында 7,5 млн теңгеден астам пара алған.
«Пара берушілердің мүддесін қорғап, экологиялық рұқсат беру үшін заңсыз әрекеттерге барған», - дейді мамандар.
Сотталушылар тағылған айыптар бойынша кінәсін толық мойындады. Ал оларға пара берген екі адам да кінәлі деп танылып, оларға параның жиырма еселенген сомасында айыппұл салынды. Бірі 35 млн, екіншісі 70 млн теңге төлеуге міндеттелді. Сонымен қатар сотталғандардың барлығына мемлекеттік қызметте және қаржы ұйымдарында лауазымды қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салу түріндегі жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.