Жұмысшы мамандықтар жылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады
Көкшетауда «жұмысшы мамандықтар жылы: жаңа мүмкіндіктерге жол ашу» атты жастар форумы өтті.
Оған техникалық бағытта білім алатын студенттер, еңбек адамдары мен өңірдегі ірі өндіріс ошақтарының өкілдері қатысты. Шараның негізгі мақсаты – қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсетіп, жастарға үлгі ретінде насихаттау. Форум барысында колледж студенттері өздерінің жобаларын да таныстырды.
Дидар Ескендіров – Степногорск қаласындағы тау-кен химиялық колледжінде білім алады. Төртінші курс студенті «пайдалы қазбаларды байыту» мамандығын таңдаған. Қазір ол дуалды оқыту жүйесі арқылы жұмысқа орналасып үлгеріпті. Алдағы уақытта ол осы мамандық арқылы табысты боларына сенімді.
Дидар Ескендіров, студент:
- Мен өзім дуалды оқу кезінде өндірісті кәсіпте өзімді жақсы көрсетіп, жұмысқа тұрып алдым. Сол организацияға. Бірінші айлығымды алып, вахтовый)+++істеп жүрмін. Жұмыс жақсы. Өзіме барлығы ұнайды.
Ал Нұрбол Кәкім болашақта ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеуге ниетті. Ол қазір Красный яр ауылындағы көпсалалы инновациялық колледжінде білім алады. Форум барысында Нұрбол өзінің виртуалды зертхана жобасын таныстырды.
Нұрбол Кәкім, студент:
- Біз теориялық оқудан кейін өндірістік оқудың алында мультимедиалық 3D очкилердің арқасында қозғалтқышты шашып жинауды үйренеміз. Онда виртуалды зертхана арқылы қозғалтқышты көзбен көріп, қолмен алып, жинап, өндірістік оқуға барған кезде ешқандай қиыншылықсыз бәрін білеміз.
Қазір аймақтағы 20 шақты колледжде 6 мыңға жуық студент жұмысшы мамандықтарды меңгеріп жатыр. Соңғы жылдары бұл білім ошақтары әлеуметтік серіктестікті нығайтты. Осылайша, студенттердің жұмысқа орналасу деңгейі 80 пайызға жетті.
Айнагүл Балташева, облыстық Білім басқармасының басшысы:
- Жергілікті бюджеттен үнемі қаржыландыру ескерілген. Ол студенттердің жатын орнынан бастап, білім алудағы көптеген тиісті қазіргі жарыс, сайыс, халықаралық «WorldSkills» тан бастап деңгейлерін көтеру үшін үнемі мүмкіншіліктер берілген. Сонымен қатар, ең бастысы ол бүгінгі шыққан түлектің кәсіпорынмен байланысы.
Биыл аймақта жаңа мамандықтардың атласы әзірленді. Қазірдің өзінде еңбек нарығына қажет 40-қа жуық мамандық анықталды. Ал, жаңа мамандық иелері кәсіпорындардың сұранысы бойынша даярланады.
Авторлары: Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкаренко