Алматыда заңсыз сатылған нысандар қайтарылды

Алматыда заңсыз сатылған нысандар қайтарылды

Алматы прокуратурасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің заңсыз сатылып кеткен оқу ғимараттары мен стадионын білім ордасына қайтарды, деп хабарлайды 24KZ.

Нақтырақ айтсақ, университеттің бұрынғы басшылығы жалпы ауданы 1500 шаршы метрден астам екі оқу корпусын жеке тұлғаларға заңсыз сатқан. Бірақ ғимараттардың бірі бірнеше жыл бойы университеттің өзіне жалға берілсе, ал екіншісі ойын-сауық мекемесі ретінде жұмыс істеген. Сонымен қатар бірлесіп спортты дамытамыз деген сылтаумен Орталық мәдениет және демалыс саябағында орналасқан алаңы 5 гектардан асатын стадион 10 жылға үшінші тұлғаға берілген. Ол футбол алаңын 5 жыл бойы коммерциялық мақсатта пайдаланған, ал университеттің 16 мың студентінің дене шынықтырумен толық айналысуына және спорттық іс-шаралар өткізуіне мүмкіндігі болмаған. Сот шешімімен мүлік нысандары ұлттық университетке қайтарылды.