Алматылық жастар коммуналдық қызметкерлерге ыстық тамақ ұсынды

Қыста көшені қар мен мұздан тазалау оңай емес. Алматы таза болуы үшін коммуналдық кәсіпорын жұмысшыларына тәулік бойы еңбек етуіне тура келеді.  Осы ауыр бейнетті қолдау мақсатында «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты игі шараны қолға алды. Белсенді топ 40-қа жуық коммуналдық қызмет жұмысшысына ыстық тамақ ұсынды.

«Біз күннің ыстық, суығына қарамай, қаламыздың тазалығын қамтамасыз ететін адамдарға алғысымызды білдіргіміз келеді. Олардың еңбегі орасан. Сондықтан еңбек адамының қадірін арттыруға арналған жобаларды қолдаймыз», – дейді акцияны ұйымдастырушылар. Шара жыл аяғына дейін жалғасады.

Гүлжан Бекенова, қалалық мәслихаттың депутаты:

- Бұндағы ең бірінші мақсат – адамның еңбегін бағалау және оларға ерекше құрмет көрсету, көңіл бөлу. Міне, осы орайда бүгін Алатау ауданында осындай іс-шараларды партияның қолдауымен өткізіп жатқан жайымыз бар.

Ардақ Қадырова, жұмысшы:

- Мен осы тазалықта деген мастермін. Бұл тазалықта істеп жатқанымызға бәленбай жыл болды. Шүкір дейміз осыған да. Осыған, істеп жатқан еңбектеріміз алға баса берсін дейміз. «Біз барсақ», – деп өздері деген хабарласып, осындай іс-шаралар жүргізіліп жатыр.