Шымкенттіктер мопедін тіркеуге асығар емес

Шымкентте мопед тіркеу басталғалы 303 көлік құралы заңдастырылды.

Алайда Полиция департаментінің дерегінше, А және А1 санатына жататын көлік иелері ережені ескерер емес. Осыған байланысты потрульдік полиция ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Техникалық байқаудан өткізу жолдары туралы айтады. Сондай-ақ арнайы куәлігі жоқтарға басқару құқығын алу шарттары түсіндірілді. Егер тіркеу талаптары толық орындалмаса, 5-ші сәуірден кейін жолда жүруге тыйым салынады. «Қалада жол апаттарының 5%-і мопедтердің қатысуымен болады екен. Жол ережесін жиі бұзатындар да – мопед жүргізушілері», - дейді сақшылар. 

Асқар Жүзжасаров, қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

- Бұл көлік құралы еш жерде тіркелмеді. Қай жерде сатылады, сол жерден әркім қалауынша алып, мініп жүрді. Сол себепті нақты ақпарат жоқ. Бірақ бізде Шымкент қаласында қызмет көрсететін орталықтарға тіркелген мопедтердің санымен есептегенде, мыңға жуықтайды. Сәуірден кейін мотокөліктер көлік құралы ретінде жол жүру ережесін бұзып, тіркелмеген жағдайда айып тұрағына қойылып, айыппұл салынатынын ескертеміз.