Жетісу облысында су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Күн күрт жылыса Жетісу облысының төрт ауданындағы кейбір елдімекенді су басуы мүмкін. «Қазгидромет» мамандары осындай болжам жасап отыр. 

Қазір қардың орташа қалыңдығы 30 см. Бұл былтырмен салыстырғанда 9 пайызға көп. Тасқынының алдын-алу үшін, төтенше жағдай департаменті мен жергілікті атқарушы органдар айлық іс-шараларын өткізіп жатыр. Биыл 6 өзеннің қауіпті бөлігінде жағалау нығайтылды. Одан бөлек, 47 ауылдың 43-не қар суынан келетін қауіпті сейілтті. Қалған төртеуінде жұмыстар жалғасып жатыр.   

Әлібек Әділбаев, облыстық Энергетика және түкш басқармасының бөлім басшысы:

- Бүгінгі күнге 932 техника 562 жеке құрам бар. Сонымен қатар облыс аумағында  2868 км арық желісі бар. Су тасқынына қарсы жоспарға сәйкес 1869 км бүгінгі күнге тазаланды. Ақпан айының соңына дейін барлық арық желілерін тазалау жұмыстары аяқталаы

Қалдыбек Төлеуұлы, облыстық ТЖД басқарма бастығы:

- Қазіргі кезде жалпы жағдай тұрақты. Қазгидромедтің және өткен жылдардың талдауына сүйенсек, ақпан айының соңы мен наурыз айының басы қауіпті кезең болып саналады. Су басу қауіпінің алдын-алу бойынша осы кезеңге дайындық шаралары толығымен жүрізілуде.