Елде өнеркәсіп қауіпсіздігі күшейтіледі
Қауіпті орындарда жұмыс істейтін азаматтардың амандығы басты назарда. Премьер-министр Олжас Бектенов еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жиын өткізді.
Ірі кәсіпорындарда қауіпсіздік нормаларының сақталуын тексеруді Мемлекет басшысы жүктеген болатын. Қазіргі таңда саладағы кей құқықтық нормалар қайта қаралып жатыр. Осыған орай, енді мемлекеттік еңбек инспекторының құзыреті кеңейеді. Өндіріс орындарындағы қауіпсіздік нысандарының электронды паспорты жасалып, «Е-КПБ» бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылады. Сондай-ақ жабдықтарды жаңарту және жаңғырту бойынша нысан иелеріне талап күшейеді.