Елде бөбекжайларды ваучерлік қаржыландыру әдісі енгізіле бастады

Елдің кейбір қалаларында мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру әдісі енгізілді.

Яғни мемлекет есебінен төленетін қаражат әр отбасының арнайы есепшотына аударылады. Жоба былтыр Таразда пилоттық режимде жүзеге асырылған еді. Енді бұл қатарға Астана, Орал, Түркістан және Шымкент қосылды. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, елорданың өзінде 670 бөбекжай қамтылды. Онда 25 мыңнан астам бала бар. Қаржыландырудың жаңа механизмі мемлекеттік тапсырысты ашық әрі тиімді бөлуге бағытталған. Алдағы уақытта білім беру саласындағы бәсекелестікті арттырып, ваучерлік қаржыландыру жүйесін басқа аймақтарға да енгізу жоспарланып отыр.