Елде скринингтің жаңа түрі енгізілді
Елдегі 50 жастан асқан ер азаматтар міндетті түрде екі жылда бір рет скринингтен өтуі қажет. Яғни биылдан бастап ми қан айналымының бұзылу қаупін ерте анықтайтын тексеру түрі енгізілді.
Бұл инсульттің алдын алуға сеп. Сонымен қатар 18 жастан асқандар В және С гепатиттерін ерте анықтау үшін скринингтен өтуге міндетті болады. Бұл тексеріс бауыр обыры мен цирроз дертін ауыздықтауға көмектеседі.
Қан айналым жүйесіндегі ауруды уақытылы емдемесе, соңы инфаркт пен инсультке әкеп соғуы мүмкін. Дәрігерлер осылай деп дабыл қақты. Себебі ресми дерекке сүйенсек, қан тамырлары дертінен болатын өлім-жітім дүниежүзінде 1-орында тұр. Ал оның алдын алу үшін қарапайым ғана скринингтен өту жеткілікті.
Алтыншаш Табулдина, 5 қалалық емхананың бас дәрігері:
- Үлкендерге қарасақ ересектерге мысалы біздің емханадағы адамдарға 11 800 адамнан астам скрининг жасалады. Көбіне айтып жатады скринингта біз өткен жоқпыз, бізді ешкім шақырмады деп айтады. Біріншіден учетта тұрса сол диагнозбен, мол кісілер өтпейді. Учетқа алынған адам бұл кісілерде ранний выевление дейміз ғой, алдын ала ертерек сол тағайындау керек сол ауру бар екенін. Скрининг негізі басталатыны 30 жастан бастап бастала береді. Сондықтан өзі тіркелген емханасында жасы келген адамдар скрининг өткізгісі келсе келуге болады.
Елордалық Мұрат Әлидің де білінбеген дерті дер кезінде анықталған. Осыдан екі жыл бұрын скринингтен өтіп жүріп қандағы қант деңгейінің жоғарылағанын білген. Содан бері үнемі дәрігерлердің бақылауында.
Мұрат Әли, қала тұрғыны:
- Қант құрамы жоғары екені анықталды. Содан бері осы поликлиникада учеттамыз. Жыл сайын келіп тұрамыз. Клиника шақырып тұрады өздері уақытында. Сіздің уақытыныз жақындап қалды, қашан келе аласыз қай уақыт сізге ыңғайлы деп. 1.37 барлығын сұрады. Қандай өзгеріс бар аяғыныз ауырмайма, іспейма, аллергия басталған жоқпа осы 2-3 күн ішінде өзгеріс болған жоқпа, қызу болған жоқпа деп менен сұрайды.
Былтыр 3 млн-нан астам адам осы тексерудің сүзгісінен өткен. Нәтижесінде 120 мыңнан астам жан дертін дер кезінде анықтады.
Алтыншаш Табулдина, 5 қалалық емхананың бас дәрігері:
- Мысалы, ол өте маңызды нәрсе, былтырға жылы 11 000 скрининг өткіздік деп тұрмыз ғой. Соның ішінде рак шейки матки 3 адамда табылды дым сезбеген ешқандай профосмотр деп келген адамдардың. 3 адамда на ранней стадий дейміз 1-2 стадиясында табылған.
Айнұр Қуатқызы, тілші:
- Жалпы 40 жастан асқан адам әрбір екі жыл сайын скрингингтен өтіп тұруы қажет. Соның бірі глаукома ауруының алдын алу. 0015 Бұл арқылы соқырлықтың алдын алуға болады екен. Дәл қазір мен көз қысымын тексеретін дәрігердің алдында отырмын. Көзімді тексеріп бересіз бе?
Бұдан бөлек, елімізде ең көп таралған 8 ауруды ерте анықтайтын скринингтік зерттеу жүргізіледі. Артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, сүт безі, тоқішек обыры сынды қауіпті дертті ерте анықтау мақсатында екі жылда бір ақ халаттының алдына келуге міндеттісіз. Ал әйелдер жатыр мойны обырының алдын алуда 4 жылда бір тексерістен өтеді. Тағы айта кетерлігі, мәжіліс депутаттары онкологиялық ауруларды ерте анықтау бойынша скринингтік зерттеулерді, тегін медициналық көмек қызметтер тізіміне енгізуді ұсынды. Заң күшіне енсе, еліміздің барлық азаматы сақтандыру мәртебесіне қарамастан онкоскринингтен тегін өтеді.
Айнұр Қуатқызы, Нұлсұлу Өмірхан, Ербол Дайыров