Көлік кептелісі: әлеуметтік эксперимент
Елдордада көлік кептелісі кезінде діттеген жерге қалай жылдам жетуге болады?
Жазда әрине велосипедпен немесе электросамокатпен зуылдап өтуге болар. Ал қысТА тұрғындардың бірі автобуспен, бірі көлікпен, енді бірі жаяу қатынап жатады. Біздің тілшілер әлеуметтік эксперимент жүргізіп, кептелісті айналып өту жолдарын анықтады.
Риат Шони, тілші:
- Астана. Бас қаланың басты қатырар бас проблемаларының бірі – ол көлік кептелісі. Шаһардағы негізгі қарбалас таңғы 8 бен кешкі 6 кезінде байқалады. Яғни, таңертең барлығы жұмысқа, ал кешке үйге асығады. Бірақ көбі сағаттап кептелісте тұрады. Біз бүгін әріптестерімізбен әлеуметтік эксперимент жүргізіп, осы кептеліс кезінде діттеген жерге қалай жылдам жетуге болатындығын анықтап көрмекпіз.
Жолдағы кептелістің бірнеше себебі бар. Біріншіден, көліктер санының артуы. Қазір елордада 400 мыңнан астам темір тұлпар бар. Тағы жолдарды жөндеу жұмыстары мен қозғалысты тиімсіз ұйымдастыру жайы. Міне негізгі проблемалар осы.
кептелістің басты себептері
· көлік санының артуы
· жол жөндеу жұмыстары
· жол қозғалысын тиімсіз ұйымдастыру
Риат Шони, тілші:
- Сонымен бүгін біздің тәжірибемізге Рауль, Гүлдана және мен, Риат үшеуіміз қатысамыз. Кім діттеген жерге жылдам жететіндігін көреміз. Ол үшін елордада көлік кептелісі ең жоғары көшелерді таңдап алдық. Яғни Қонаев пен Мәңгілік ел көшелері. Яғни біздің қатысушылар дәл қазір біз тұрған Қазмедиа орталығынан Мәңгілік ел бойындағы Мәңгілік ел салтанатты қақпасына дейін жетулері қажет.
Эксперименттің талаптары мынадай болмақ: 3 қатысушының бірі көлікпен, бірі автобуспен, ал енді бірі жаяу діттеген жерге жетуі қажет. Ол жеребе тарту арқылы анықталады. Жол жөнекей көлікті ауыстыруға болмайды. Барлығы бір мезгілде бастап, белгіленген жерге бәрінен жылдам жетуі қажет.
· ЖЕРЕБЕ: автобус, автомобиль, жаяу
· көлік ауыстыруға болмайды
· барлығы бір уақытта бастайды
· мәреге кім бірінші жетеді?
Риат Шони, тілші:
- Сонымен бәріміз дайын болсақ, кімге қандай көлік бұйыратындығын анықтап көрейік.
Астананың қытымыр қысында маған діттеген жерге жаяу жету қажет. Жол алыс. Бірақ көлікке отыруға болмайды.
- Ал кеттік! Погнали!
Риат Шони, тілші:
- Жеребе тарту рәсімі бойынша маған діттеген жерге жаяу жету бақыты бұйырған екен. Далада аяз. Шамамен 4 км жерге қазір біз жаяу бәрінен бұрын жылдам жетуге тырысып көреміз. Кеттік.
Рауль Габитов, тілші:
- Біз алдын ала қай маршрут баратынын біліп алдық. 70, 12 немесе 35 маршрутпен барамыз.
Риат пен Рауль далада тоңған шығар. Бірі автобус күтсе, енді бірі жаяу кетті. Ал оларға қарағанда менің жолым болды. Қыздың жолы жіңішке деген осы.
Тәжірибе жүргізу күні елорда аязы шыныменде сүйектен өтті. Бірақ, жылынатын жерлер де табылады.
Риат Шони, тілші:
- Жаяу жүргеннің бір пайдасы кептелістерді айналып, үйдің аулаларымен, үлкен ғимараттардың ішімен өтуге болады.
Автобус мен ойлағаннан тез келді. Оның үстіне ішінде жолаушылар да аз. Бұл әрине қуантпай қоймайды.
Міне ең қызықты сәт басталды. Біз бағдаршамға тоқтап жатырмыз. Алда көліктер тығыз қозғалып жатыр.
Риат Шони, тілші:
- Жаяу жүргенде осылай тұрғын үйлердің ауласымен жолды қысқартып өтуге болады. Осылайша діттеген жерге бірінші жетем деген ойдамын. Кеттік.
Жол-жөнекей кезіккен адамдарды да сөзге тарттық. Белгіленген жерге жылдам қалай жетуге болатындығын да сұрастырдық.
БЛИЦ
Я думаю на автобусе.
Жаяу жеткен дұрыс па, көлікпен па, автобуспен ба?
Жаяу дұрыс.
Бұл сынақ маған да оңай болмады. Өйткені көлікте отырып іш пысты. Шыныменде көлік кептелісі ұзын. Басты проблемам ұйықтап қалмау болды.
Автобус ақырын болса да алға жылжиды. Қоғамдық көлікке отырғандардың барлығы да бір ауыздан автобусбен жылдам жетуге болады дейді.
БЛИЦ
Автобусбен тезірек дейді.
100% на автобусе.
Риат Шони, тілші:
- Біз қазір Түркістан көшесінің бойында тұрмыз. Мінеки өздеріңіз көргендей көлік кептелісі қалай созылған. Енді бұндай қарбаласта діттеген жерге көлікпен қалай жылдам жету керек екенін білмеймін. Жаяу тез жетуге болатын сияқты.
Риат жаяу жылдам жетуге болады деп ойлай ма? Өзі оптимист екен. Әне-міне дегенше мен маршруттың негізгі бөлігін еңсердім. Иә, кептелісте тұрдық. Бірақ жылдам жүрдік.
Гүлдана Қален, тілші:
- Әне Мәңгілік елдің қақпасы көрініп жатыр. Мен бірінші жететін шығармын.
- Армандапсың. Мен мінген автобус қажетті аялдамаға жетті. Енді бірнеше минут жаяу жүріп, белгіленген жерге бірінші жетем.
Рауль Габитов, тілші:
-Адамзаттың ойлап тапқанының арасында автобус ең кереметі болып тұр. Осылайша мен автобуспен жүріп, 4 шақырымды 26 минутта еңсеріп өттім.
- Ал міне арка. Біз алғашқы болып жеттік.
Салтанатты қақпа көз алдымда тұрғанымен, бірінші болып жете алмадым. Өкінішті әрине, бар-жоғы 2 минут уақыт жетпей қалды.
Гүлдана Қален, тілші:
Қазмедиадан Мәңгілік ел қақпасына дейін шамамен 4 км. Енді Астананың ауа-райын білесіз ғой, қатты аяз болып тұр және де жел. Сондықтан да Риат әріптесіме не завидую.
Иә, жаяу Астанада діттеген жерге жылдам жету оңай емес екен. Авобус пен көліктің арасы 2 минут болса, мен мүлдем 20 минут кешігіп бір-ақ жеттім.
Риат Шони, тілші:
Мен ең соңғы болып жеттім. Енді жаяу болғандықтан біраз кідіріп, жылдамдығым да аз болды. Әріптестерім белгіленген орынған жылдам жетіп алған секілді.
Әрине кім қай жерге қалай жеткісі келетінін өзі таңдайды. Ыңғайына қарай. Жалпы сарапшылардың пікірінше елордада қалыпты қозғалыс үшін жолда бір уақытта 100 мыңға дейін көлік болу керек. Ал Астанада олардың саны 136 мыңнан асады. Мәселе жақын арада өз шешімін таппаса, көлік діттеген жерге жаяу жүргіншіден кейін жететін күн де жақындап қалуы ғажап емес.