«Amanat» цифрлық сауаттылықты арттыру жобасын әзірледі
«Аmanat» партиясы елде цифрлық сауаттылықты арттыру жобасын әзірледі.
Бұл жоба киберқауіпсіздіктің жолына тосқауыл болмақ. Мәселен елімізде жыл сайын 20 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркеледі. Ал оның 80%-ы ашылмай қалады. Бұдан бұрын Президент балаларға цифрлық гигиенаның негізгі ережелерін үйретуді тапсырған болатын. Мәселен ЮНИСЕФ деректеріне сүйенсек, қазақстандық балалардың 46%-ы интернетті 5-8 жасынан қолдана бастайды. Ал, олардың нені көріп оқитынын болжау қиынға соғатыны тағы бар. Бұл тұста мектептердегі қауіпсіздік сабақтарына «Киберқауіпсіздік» тақырыбы енгізілмек. Мәжіліс төрағасының орынбасары, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Альберт Рау Қазақстан цифрландыру деңгейі бойынша әлемде көшбасшылар қатарында екенін айтты.
Альберт Рау, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары:
- Біздің басты міндетіміз – технологияларды енгізіп қана қоймай, адамдарды оларды қауіпсіз әрі саналы түрде қолдануға дағдыландыру. «Цифрлық санитария» деген ұғым бар. Біз IT компанияларға алғысымызды білдіреміз, олар өз бастамаларымен осындай жобаларды жүзеге асырып келеді. Алайда оларға біздің партиямыздың қолдауы қажет. Барлық тараптың күш-жігерін біріктіріп, кешенді «Цифрлық қоғам» жобасын құра аламыз.