Саран қаласының даму жоспары талқыланды

Саран қаласындағы индустриялық аймақта 5 ірі кәсіпорын жұмыс істеп тұр.

Онда 3 мың адам тұрақты еңбек етеді. Маңызды жобаларға инвесторлар тарту нәтижесінде, қалада көлік дөңгелегін шығаратын, тұрмыстық техника  мен автобус құрастыратын зауыттар ашылды. Сөйтіп, Саран қаласы моноқалалар санатынан шығарылып, дербес қала статусын алды. Кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер жасалып, қолайлы бизнес климат қалыптастыру нәтижесінде қаланың экономикасы дами бастады. Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру мәселесі Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің Саран қаласында өткен көшпелі отырысында талқыланды.

Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Өзіміздің дөңгелек столға келіп жаңағы инвестиция тарту, жақсарту мәселесін, қандай проблемалар бар соны өндіріс басшыларымен кездесіп , заң тарапынан қандй заңдарға көңілімізді бөлуіміз керек екенін нақтыладық. Екінші мәселе инвестиция тарту үшін қандай жеңілдіктер тізімін айқындау керек.  Үшінші мәселе инфрақұрылымды жақсарту бойынша қаржы тарту сияқты сұрақтар маңызды болып отыр.