Атырау облысында балық өсіру ісі кенжелеп тұр

Былтыр батыс өңірінің шаруашылықтары 700 тонна балық өсіруі тиіс еді. Бұл «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы қабылдаған кешенді бағдарламада көрсетілген. Алайда жоспардың орындалуы 60%-тен аспады. Тек Маңғыстау облысына 67 тонна міндеттелсе, соның 42%-і іске асқан. «Былтыр су тасқыны кедергі болды», – дейді мамандар. Биыл жұмыс жалғасады.

Жалпы Президент 2020 жылғы Жолдауында балық шаруашылығын дамытуға ерекше назар аударған еді. Онда балық өсіру көлемін 2030 жылға дейін 270 мың тоннаға жеткізу қажеттігін айтты. Атырауда өткен өңірлік жиында алдағы міндеттер пысықталып, атқарылған жұмыстар сараланды. Оған Орал, Ақтау қалаларындағы балық шаруашылығы мамандары келді.

Нұрлыбек Гайсин, «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы:

- 5 мекеме өзінің керекті құжаттарын дайындап жатыр. Жергілікті атқарушы органнан жерлерін алды. Одан бөлек, жерге қатынасты құжаттары және балық аулауға алатын рұқсаттары бар. Бізде «Адана» деген мекеме бар, ол бекіре балығымен айналысады. Бізде «Абдулов» деген ШҚ құты балығымен айналысады. Сосын африкалық жайын балығымен айналысады. Сосын «Сәт» ШҚ Құлсары қаласының арт жағында орналасқан. Ол да құты балығымен айналысады.