Қазақстандағы алғашқы мобильді ойын халықаралық нарыққа шықты

Алматылық өнертапқыш Роман Линейцев жасаған Қазақстандағы алғашқы мобильді ойын халықаралық нарыққа шықты, деп хабарлайды 24KZ. Ол шынайы өмірді бейнелейтін Grand Mobile атты симуляторды екі жыл бұрын әзірледі.

Ойыншылар өз кейіпкерін жасап, оған шынайы өмірге бейімделуге көмектеседі. Қызметке тұрып, отбасын құрады. Бұл ойын ТМД елдерінде өте танымал. Қазір платформаны 60 миллионнан астам адам жүктеп алған. Ал ай сайынғы белсенді қолданушылар саны 5 миллионнан асады. Ойын әлемнің бірнеше тіліне аударылған. Роман Линейцевтің айтуынша, команда қараша айында симулятордың шетелдік нұсқасын тестілеуден сәтті өткізген.

Роман Линейцев, өнертапқыш, жоба жетекшісі:

- Алғашқы нәтиже жаман емес. Жазға қарай немесе жаздың соңына дейін шетелдік нарыққа басқаша өнім шығару жоспарымызда бар. Ол жергілікті нарыққа да қолжетімді болады. Оның визуалды көрінісі мен мазмұны өзгеше болады.