Астанада автобус апатынан зардап шеккендердің жетеуі ауруханада жатыр
Елордада автобус апатынан зардап шеккен он бес азаматтың жетеуі дәрігерлердің бақылауында.
Оның төртеуіне операция жасалды. Қазір науқастарға тиісті ем-дом шаралары жүргізіліп жатыр. Еске сала кетейік, кеше автобус жүргізушісі қоғамдық көлікті басқара алмай жол жиегінде тұрған бағанаға соғылған. Жол-көлік оқиғасы кезінде салонда 25 адам болған. Жарақат алғандар дереу №1 көп салалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Медициналық тексеруден кейін 8 адам үйге жіберілді.