«Қарызсыз қоғам» жобасының форматы өзгерді
Биылдан бастап «Қарызсыз қоғам» жобасының оқыту форматына өзгерістер енеді.
Енді несие тарихында проблемасы бар, қарызын өтей алмай жүрген жандарға басымдық берілмек. Осы арқылы берешегі 90 күннен асқан 1 миллионнан аса адамды қамту көзделген. Қызылорда облысында жоба аясында 11 мыңнан астам азамат қаржылық сауаттылық курстарынан өткен. Аманат партиясының бастамасымен жүзеге асқан бағдарлама ел аумағында ерекше сұранысқа ие. Ақтөбе облысында жыл соңына дейін 18 700 адамның қаржылық сауатын арттыру жоспарланған. Жоба жетекшілері несиелік борышы 5 жылдан асқан жандарға банкорттық жариялауға көмектеседі. Қатысуға ниет білдіргендер сенім телефондарына хабарласа алады.Оған қоса, курсқа қатыспай, заңгер көмегіне жүгінуге де болады. Бастысы қарызға батып, қиын жағдайда қалған азаматтардың жұмысқа орналасуына да мүмкіндік жасалмақ.
Айгүл Сексенова, «Қарызсыз қоғам» жобасының Ақтөбе облысы бойынша жоба жетекшісі:
- «Қарызсыз қоғам» жобасы биыл форматты өзгертіп бастадық. Онлайн және офлайн форматта. Қазіргі таңда бірінші легі оқып шықты. Бір апталық оқу үш күн офлайн интенсивті оқу, екі күн онлайн форматта кеңес алумен жалғасады. Биылғы жылдың басым көпшілігі қатысушылары бұл 90 күн өзінің несиелері бойынша төлей алмай жүрген несие төлемінен проблемасы бар жеке тұлғалар қатыса алады.
Наталья Мишукова, қаржы сарапшысы:
- Кейбір азаматтар қанша қарызы бар екенін де білмейді, қай банктен алғанын да ұмытып қалған жағдайлар да болады. Кейде адамдар бар шоттары жабық болғандықтан жұмысқа да тұра алмайды. Біз қосымша әрі қарай биыл собес қатты атсалысуда. Біз жұмысқа да орналастыруға көмегімізді тигіземіз.