Елордада 300-ге жуық заңсыз мигрант анықталды

Елордада көші-қон заңнамасын бұзған 279 шетел азаматы мен 53 қазақстандық анықталды, деп хабарлайды 24kz.

15 жұмыс беруші шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа қабылдаған. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы мәлімдеді. Көші-қон қызметі тексеріс нәтижесінде 67 шетел азаматын ел аумағынан шығару туралы шешім қабылдады. Қазақстаннан кету туралы сот шешімін орындаудан жалтарған 11 адам мәжбүрлі түрде елден шығарылды. Ал, шығу визасының мерзімі өтіп кеткен Нигерия азаматына әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 517-бабына сәйкес хаттама толтырылды.