Ұлытау облысында су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Ұлытау облысында көктемгі су тасқынына қарсы дайындық шаралары басталды, деп хабарлайды 24KZ.

Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімінің 25 адамнан құралған құтқару жасағы елді мекенде қызыл судан келетін қауіптің бетін қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Арнайы топ қатқан мұздарды ойып, арықтарды қардан тазартты.