Ақтөбе облысында мыңға жуық көлік қар құрсауында қалған

Ақтөбе облысындағы жолдарда ауа райының қолайсыздығына байланысты мыңға жуық көлік қар құрсауында қалған, деп хабарлайды 24KZ. Аймақта үшінші күн қатарынан соққан ақтүтек боран шыдас бермей тұр. Жол бойында қатар тізілген көліктерді полиция қызметкерлері жетегіне алып, діттеген жеріне жеткізді.

Елді мекенде әлі де қалың қар күтіліп отыр. Жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі ықтимал. Қазгидромет орталығының мәліметінше, өңірде ақпан айының соңына дейін қар жауып, боран соғады.