Прокуратура құрылыс компанияларына қатысты 16 істі тергеп жатыр
Былтыр Астана қаласының прокуратурасына тұрғындар тарапынан 28 657 шағым түсті.
Түскен шағымдардың басым бөлігі – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік сала, сонымен қатар сотқа дейінгі тергеу мәселесіне қатысты. Прокурорлар үлескерлердің құқығын қорғауға баса назар аударып отыр. Соның арқасында проблемалық объектілер саны 52-ден 24-ке кеміді. 500-ден астам үлескер пәтер кілтін алды. Қазір құрылыс компанияларының басшыларына қатысты 16 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Сондай-ақ жалпы сомасы 7,2 млрд теңгеге алданған 600-ден астам азаматтың құқығы қорғалды.
Барлығы – 28 657 шағым
Проблемалық объекті 52-ден 24-ке кеміді
500-ден астам үлескер пәтер алды
16 қылмыстық іс
600-ден астам азаматтың құқығы қорғалды
Жалпы сомасы – ₸7,2 млрд