Шымкенте тозығы жеткен 134 көп қабатты үй сүріледі

Шымкентте жаңарту бағдарламасы аясында тозығы жеткен 134 тұрғын үй сүріледі.

Олардың орнына жаңа көп қабатты үйлер салынады. Себебі бұл баспаналардың барлығы өткен ғасырдың орта тұсында пайдалануға беріліп, содан бері жөндеу көрмеген. 

Қасбеттері түсіп, іргетасы шөккен. Кейбірінің шатырына су аққандықтан мамандар «тұруға жарамсыз» деп тапқан. Бірақ соған қарамастан тұрғындар баспаналарын тастап кетпей отыр.

«Көксай» шағын ауданында орналасқан бұл үйлердің барлығы өткен ғасырдың 50-ші жылдары салынған. Сондықтан пайталану мерзімі де әлде қашан өтіп кеткен. Ондаған жылдар бойы қаланың көркін бұзып, қала билігінің басауруына айналған  ескі үйлердің мәселесі шешілетін болды. Тұрғындарға «Шымсити» шағын ауданынан жаңа пәтердің кілті табысталып, барлығы сонда көшуге келісімін берді.

Азат Исламов, қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы:

- Бағдарлама бойынша тұрғындарды көшіру үшін олардың келісімі қажет. Егер олар келіспесе біз көшіре алмаймыз. Ал жаңа пәтерлер тұрғындарға басыбайлы берілді. Өз жекеншігі болғандықтан сата ма, тұрады өздері шешеді. Біз оған араласа алмаймыз. 

Ал осы ауданның байырғы тұрғыны Надежда Чикризова да ескі үйден көшуге қарсы емес. Бірақ көршілері келіспей отыр екен. Ал «Жаңарту» бағдарламасы бойынша тұрғындардың барлығы келісімін беру керек.

Надежда Чикризова, қала тұрғыны:

- Біздің тұратын үйімізде 95 жастағы әжеміз бар. Сол кісі келіспей отыр. Себебі ол жастайынан осында тұрған. Осында үйленіп, бүкіл өмірінің қызығы осы үйде өткендіктен қимайды. Тағы да бір атамыз бар. Ол кісіде келіспей отыр. Күтуден басқа амылымыз жоқ. 

Жеке үйлердің бұл бағдарламаға қатысы жоқ. Алайда әкімдік мемлекет мұқтаждығы үшін әр үйді нарықтағы бағамен сатып алады. Алайда кейбір баспаналардың құжаты дұрыс емес. Оны әкімдік қызметкерлері өздері реттеп беруге уәде берді. Енді мұндағы 36 гектар аумаққа жаңа әкімшілік орталық пен индустриялды аймақ салынбақ. 

Олжас Тәжібаев, қалалық құрылыс басқармасының басшысы:

- Болашақта инвесторлардың есебінен, өзіміздің жергілікті бюджеттің қаражатынан +қазір біз концепсияға қойып отырғанның ішінде ол Еңбекші ауданынынң әкімшілігі. Сонымен қатар халыққа ьқызмет көрсету орталықтары, балабақша, мектеп, спорттшық кешендер болады.

Әкімдік қызметкерлері жеке инвесторлардың жұмысты тезірек бастауына барынша жағдай жасап, апаты үй тұрғындарын көшіруге білек-сыбына кірісуде. Себебі инвесторлар да жекеменшік тұрғын үйлерді тездетіп сатып алып, жобаға қаржы құюға ниетті. 

Катерина Папкаова, Жандос Жұмабек, Нұрмахан Бекмұратов, Самат Нағашбекұлы