Риддердегі көне ғимараттар қайта жаңартылады
Риддер қаласындағы көне ғимараттардың сыртқы келбеті жаңғыртылады.
Өткен ғасырдың орта шенінде салынған үйлердің сылақтары түсіп, сыртын қаптаған тақтайшалары құлаудың алдында тұр.
Өткен жылы бюджет қаржысына осындай 18 көп қабатты үйдің сырты қалпына келтірілді. Биыл бұл жоба жалғасады. Қасбеті әбден тозған 20 үйді жаңғыртуға 600 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Сәулетшілер тарихи ғимараттарды қайта қалпына келтіру кезінде олардың бастапқы қалпы сақталатынын атап өтті.
Қаныбек Төлеухан, Риддер қаласы әкімінің орынбасары
- Бүгінгі таңда үйлердің, ғимараттардың қасбеттерін жөндеу бағдарламасы бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Келешекте осы жоспарымыздан таймай жұмыс жасап, келе жатқан 5 жылдың ішінде орталық көшелердің барлығын бітіреміз деген ойдамыз.