65 шетелдікке «Ата жол» картасы берілді

Қазақстан шетелдегі қандастар мен өзге ел азаматтарына 65 «Ата жол» картасын берді.

Оның 27-сін бизнес-иммигранттар алса, 38-і сұранысқа ие мамандарға табысталды. Оның қатарында инженер-физик, инженер-математик, химиялық технолог, жақ-бет хирургиясының дәрігерлері және педиатрлар бар. Олар Ресей, Германия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Франция сынды мемлекеттерден келді. Айта кетейік, бұл карта шетелде тұратын этникалық қазақтарға азаматтығын сақтай отырып беріледі. Олар Қазақстанда 10 жыл тұруға рұқсат алады және қай жерде тұратынын өзі таңдайды. «Ата жолы» картасы бар этникалық қазақ басқа елдің азаматы болса да, Қазақстан азаматтарымен және қандастармен тең құқыққа ие. Атап айтқанда, медициналық көмек алу, жұмысқа орналасуға, кәсіппен айналысуға, білім алуына мүмкіндік бар. Бірақ олар сайлауға қатыспайды және мемлекеттік қызметке алынбайды.

КІМДЕР КЕЛДІ?

Бизнес-иммигрант – 27         Сұранысқа ие маман – 38

                                               инженер-физик

                                               инженер-математик

                                               химиялық технолог

                                               жақ-бет хирургы

                                              педиатр

ҚАЙДАН КЕЛДІ?

Ресей, Германия, Моңғолия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Франция, Нидерланд, Финляндия, Қырғызстан, Өзбекстан  

«Ата жол» картасы иегерлерінің құқықтары

- Медициналық мекемелерде қызмет және әлеуметтік төлемдер алу

- Жұмысқа орналасу

- Кәсіпкерлікпен айналысу

- Білім алу

- Заң көмегін алу

- Жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан азаматтығын алу