«Еңбек» бағдарламасымен СҚО-ға қоныс аударған 368 адам сотқа берілді
Солтүстік Қазақстан облысына «Еңбек» бағдарламасы бойынша қоныс аударып, қайта көшіп кеткен 368 адам сотқа берілді, деп хабарлайды 24kz.
Енді олар субсидия қаражатын толық мөлшерде қайтарып беруі тиіс. Шығын көлемі – 373 млн теңге. Мамандардың айтуынша, кейбір отбасылар алған субсидиясын ерікті түрде өтеуге келісім берген. Бағдарлама қатысушыларына қойылатын негізгі талап – тұрғылықты мекенжайы бойынша кемі 5 жыл тұру. Жалпы соңғы үш жылда Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден келген 2 мыңға жуық адам қайта көшіп кеткен.
Гүлғайша Ілиясова, Еңбек мобильдігі орталығының бөлім басшысы:
- Біріншіден, ауа райының қолайсыздығынан өздерінің елдеріне қайтып кетеді. Екіншіден, денсаулық жағдайына байланысты қайтып кетеді. Үшіншіден, тұрақты жұмысқа тұру керек. Кәсіби оқудан өту керек. Сондай шарттарды кейбір көшіп келген қоныс аударушылар бұзғаны үшін олармен шарт бұзылады.