Шымкент – Будапешт әуе рейсі ашылады

Шымкент – Будапешт бағытында жаңа әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды 24kz.

Ол мамыр айының 27-інен басталмақ. Елдің туризм әлеуетін жақсарта түсу үшін бұл өте маңызды қадам. Бұл туралы Қазақстанның Мажарстандағы елшісі хабарлады. Айтпақшы, сол елде өтіп жатқан Халықаралық туризм көрмесіне қазақстандық тарап та қатысты. Елдің тұмса табиғаты туралы бейнероликтер ұсынылып, жаңа визалық санат — «Neo Nomad Visa»-ның артықшылықтары таныстырылды. Бұдан бөлек, халықаралық шарада «Kazakhstan: Born Bold» медиа-науқаны жайлы айтылды. Мақсат Қазақстанды Еуропа мен Азия арасындағы көпір, инвестициялар мен инновациялар орталығы ретінде көрсету.

Абзал Сапарбекұлы, ҚР Венгриядағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Бұл жалпы Орталық Еуропадағы ең үлкен туризм және саяхатшылардың көрмесі. Жалпы бұл көрме жыл сайын өтеді. Биылғы көрмеге 45 елден 200-ден астам турагенттік пен компания қатысып жатыр. Жалпы бұл көрмеге осы бір аптаның ішінде 30 мыңнан астам келіп көреді деп болжап отырмыз. Қазақстан бұл іс-шараға екінші рет қатысып отырмыз.

Давид Биро, Түркі мемлекеттері ұйымының жобалар үйлестірушісі:

- Қазақстан туризм саласында үлкен инфрақұрылымдық жобаларды қолға алып, жаңа бағыттарды дамытып жатыр. Мысалы Түркістан аймағындағы маңызды мәдени мұраларды көрсететін жобалар іске асуда. Бұл Қазақстанның мәдени мұрасын кеңінен танытуға көмектеседі. Болашақта Венгрия үшін Қазақстанды ашып, оның терең мәдениетін, табиғатын және тарихи мұрасын зерттеу үлкен мүмкіндік болады.