Алматыда мыңға жуық мопед мемлекеттік номер алды

Алматыда мыңға жуық мопед мемлекеттік номер алды
24.kz

Алматыда мыңға жуық мопед тіркеуден өтіп, олардың иелері мемлекеттік номер алды.

Бұл туралы Жергілікті полиция басқармасы басшысының орынбасары Тимур Ноғайбаев хабарлады. Дегенмен оның айтуынша қалада 60 мыңға жуық мопед бар. Ал 5 сәуірден бастап мопедтер механикалық көлікке теңестіріледі. Сол күннен бастап мемлекеттік номері, сақтандыру полисі бар және техникалық байқаудан өткен мопедтердің жүруіне ғана рұқсат етіледі. Мопед иелерінде А, А1 және В санатындағы жүргізуші куәлігі болуы тиіс. Полиция тұрғындарды уақытты созбай көлік құралдарын ертерек рәсімдеуге үндеп отыр. Бүгінгі таңда алматылық мопедшілердің арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Екі дөңгелекті техниканы қалай тіркеу керектігі туралы нұсқаулықтарды таратып, кәдесыйлар берді.

Тимур Ноғайбаев, Алматы Қ. ПД жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары:

- Қазіргі таңда біз әр жүргізушіге жадынама беріп көлік құралдарын қалай тіркеу керек, жолдарын түсіндіріп жатырмыз. Қазіргі таңда жеңілдетілген түрде 3 құжатпен ғана жүргізіп жатыр,ол өзі жеке куәлігі болса болды, техникалық құралдың  қағаздары болса болды және техникалық байқаудан өтеді, сол құралдармен арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына барып, сол көлік құралдарын тіркейді.