Ақмола облысында қызыл судың алдын алу шаралары аяқталды

Көктемде Ақмола облысындағы 144 елді мекенді қызыл су басу қаупі бар.

Алайда, аймақта тасқынның алдын алу шаралары толығымен аяқталды. Бұл туралы Қанат Бозымбаевтың өңірге жұмыс сапары аясында айтылды. Вице-премьер облыс әкімі Марат Ахметжановпен бірге Есіл және Нұра өзендерінің сағасындағы бөгеттердің, су өткізу құрылыстарының жай-күйін тексерді. Сондай-ақ Астана контрреттеуіші мен елорда іргесіндегі Жібек жолы ауылымен арадағы тоспа бөгеттің құрылысын қадағалады. Бүгінде өңірде 131 шақырым бөгет нығайтылды, 21 шақырымнан астам жаңа үйінділер тұрғызылып, 336 су өткізу құрылысы жабдықталды.