«Қазақстан» шахтасындағы апатқа байланысты сот үкімі шықты
«Қазақстан» шахтасында кеншілер өліміне әкелген апатқа байланысты сот үкімі шықты.
Шахтаның төрт қызметкері 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Шахтинск қаласының соты оларды «тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзып, соның салдарынан абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне себепкер болды» деп айыптады. Еске салсақ, қайғылы оқиға 2023 жылы 17 тамызда болды. Апат кезінде жер астында 5 кенші қаза тапты.
Данияр Әлменов, Шахтинск қаласы сотының судьясы:
- Шахтинск қалалық сотымен Қылмыстық кодекстің 207-бабы, 3-і бөлігімен Гафаров, Мличенко, Трещев, Гарановичке қатысты қылмыстық іс қаралды. Оларға сот үкімімен 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны өтеу қылмыстық атқару жүйесінің ең төменгі мекемесіне белгіленді. Және де үш жыл тау-кен саласында басшылық лауазымды қызметтерді атқару құқығынан айырылды.