Шымкенттегі «Цифрлық қауіпсіздік» жүйесі заңсыз болып шықты
Жоғарғы сот Шымкент қалалық полиция департаменті мен жеке компания арасындағы келісімді жарамсыз деп тапты.
2023 жылы мегаполистің жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 1,8 миллиардтан астам теңгеге бейне-бақылау жүйесін орнату жоспарланған. Жоба аясында 1500 «ақылды камера» пайда болуы тиіс еді. Бірақ ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алу сайтында, техникалық құжаттама бойынша заңбұзушылықтарды анықтады. Сарапшылар бұл шешімді, әділ бәсекелестік қағидатын бұзады деп тауып, оны сотта бір жыл бойы дәлелдеген. Ал осы уақыт аралығында жеке компания жүйенің бір бөлігін орнатып үлгіріп, атқарылған жұмыс үшін төлемге қол жеткізбеген.
Данияр Сүндетбаев, қалалық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маманы:
- Жоғарғы соттың талабы бойынша бірінші инстанциядағы негізсіз тұрған шарт өз күшін жойды. Яғни, қазіргі таңда ешқандай да бюджет қаражаты шығын болған жоқ. Договордың күші жойылды. Бірақ енді күнделікті қажеттілікке байланысты департаменттің өз тапсырысы бойынша әрі қарай конкурс болады ма болмайды ма өздері шешеді.