Жамбыл облысында 850-ге жуық жұмысшыға зейнетақы жарнасы аударылмаған

Жамбыл облысында аудандық аурухана басшылығы 700 қызметкерге 5 ай бойы зейнетақы жарнасын аудармаған.

Тексеріс жүргізген прокурорлар осындай заңбұзушылықты анықтады. Сонымен қатар міндетті төлемнен «Байзақ-су» мекемесінің 141 қызметкері қағылған. Жалпы қос ұйымның зейнетақы қорына 118 миллион теңге аудармағаны белгілі болды. Қазір құзырлы орган өкілдері қарызды өндіруге кірісіп, басқа аудандарда тексеріс жүргізуді бастады. 

Шовкат Таштеміров, облыстық прокуратураның аға прокуроры:

- Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 486 қызметкердің зейнетақы жарналары аударылды. Сондай-ақ кінәлі тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жамбыл облысының прокуратурасы бұл жұмыстарды жалғастырады.