Заң және тәртіп: Өскеменде есірткі жарнамалары өшірілді

Шығыс Қазақстан облысында былтырдан бері нашақорлықты жарнамалаған 100 графитти жазба өшірілді.

Тек соңғы екі ай ішінде осындай 17 жарнама жойылып, бір қылмыстық іс қозғалды. Бұл "Есірткіге жол жоқ" акциясы шеңберінде атқарылған жұмыстың бір бөлігі ғана. Мысалы, прокурорлар мен мен наркологтар осы тақырыпта Өскемендегі көпсалалы технологиялық колледж студенттерімен ашық әңгіме өрбітті. Жастарды қоғамды алаңдатқан қауіппен бірге күресуге үндеді.

Сергей Упоров қалалық прокуратура бөлімінің аға прокуроры:

- Тек сайттарды жойып, жарнамалық жазбаларды өшіру аздық етеді. Есірткі жасырушыларды, оны жеткізушілерді және бүкіл қылмысты ұйымдастырып отырған күдіктілерді де анықтап жатырмыз. Қаланың барлық ауданын қамтитын рейд шараларын да жиі жүргіземіз.