Ассамблея жастары Астанада бас қосты
Ассамблея жастары Астанада бас қосты. Елордада ((«Folk & Art Performance»)) Фолк энд арт перфоманс жастар шығармашылық жобасы өтті.
Онда әр өңірден келген талант иелері өнер көрсетті. Сондай-ақ, келушілерге «Тәлімгер» фотокөрмесі таныстырылды. Мұнда бірлестікке мүше жастардың ұстаздары жайлы ақпарат ұсынылды. Бұдан бөлек салтанатты кеште дарын иелеріне ақшалай грант табысталды. Ұйымдастырушылар осылайша жас өнерпаздарды насихаттап, оларды қолдау ісіне қарқын қосуға ниетті. Айтайық, биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толды.
Елена Пак, «Ассамблея жастары» ҚБ ҚОФ төрағасы:
- Ағымдағы жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы үлкен көлемде аталып өту жоспарлануда. Сол себепті ең бірінші жастар жобасын мемлекет басшысын тікелей қолдау мақсатында, көптеген шараларға тапсырма берген болатын. Соның бірі бас қаладағы ірі жобалардан бастау алып жатыр. Бұл барлығымызға белгілі Қазақстанда тұрып жатқан түрлі этнос өкілдерінің салт-дәстүрлерін, мәдениетін, ұлттық киімдерін насихаттау мақсатында өтіп жатқан шара.