Енді елдегі кафе-караокелер әрбір ән үшін авторға ақы төлейді
Енді елдегі караоке-ресторандар әрбір ән үшін авторға ақы төлеуі мүмкін.
Себебі заңда бұл қарастырылғанымен, іс жүзінде өнер иелерінің қолына көк тиын да тимейтін көрінеді. Қазір Әділет министрлігі құқығы тапталған мәдениет өкілдерінің мәселесін шешетін арнайы жүйе әзірлеп жатыр. «Бұл әлемде бар тәжірибе», - дейді мамандар. Ақпараттық платформа жыл соңына дейін іске қосылады. Яғни, қандай орында кімнің әні шырқалып жатқаны бұдан былай осы жүйе арқылы бақыланады. Жаңашылдық алдымен елордадағы кафе-ресторандарда, кейін өңір-өңірде іске асады.
Бекболат Молдабеков, ҚР Әділет вице-министрі:
- Қалай процент төленеді, қанша рет караоеке айтылғаны жөнінде ақпарат жоқ. Ешқандай әнші білмейді. Шетелдік әртістер олардың барлық ақшалары iTunes сияқты осындай жүйелерден келеді. Ал бізде сондай жүйе жоқ. Заңда бар, караокеден әр өлеңнен караоеке төлеуі керек. Біздің ақпараттық жүйеміз соның бәрін дұрыстап, караоке-ресторандармен келісімшарт арқылы дұрыс монетизация жасау үшін керек ақпараттық жүйе.