Психикалық ауытқуы бар баланың соққыға жығылуы туралы ақпар жалған – мекеме басшылығы
Қалалық психикалық денсаулық орталығының басшылығы «Жеделсаты ішінде баланың бетін тілгілеген жеткіншек психиатриялық орталықта соққыға жығылды» деген ақпардың шындыққа жанаспайтынығын мәлімдеп отыр.
Ақпанның 23-інде анасы екі санитар дәрігердің балаға қол жұмсағанын айтып, 102-ге арызданған еді. Кезекші дәрігер, медбике, тәртіп сақшыларымен бірге жеткіншектің жағдайын тексерді. «Алайда денесінде көгеру іздері жоқ, соққы белгілері тіркелмеген», - дейді мекеме жетекшісі. Дей тұрғанмен, қазір қызметтік тексеріс жүргізілуде. Бала қазір ересектер бөлмесінде жалғыз жатыр. Онда бейнебақылау камералары орнатылған. Ішкі аудит бейнебақылау жазбаларын тексеруге кіріскен. «Сот-медициналық сараптама жүргізілетін болады», - дейді психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Алмагүл Айтжанова.
Алмагүл Айтжанова, Астана қаласының психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары:
- Бір айтып кететін жағдай, ол жаңағы постановление бойынша қауіпсіздік үшін оны жатқызған осы ауруханаға. Соны ғана айта аламын. Басқа мәліметті тек қана заңды өкілі, анасынан біле аласыздар.