Үкіметте құқықтық қызметтерді қолжетімді ету жайы қаралды

Үкіметте құқықтық қызметтерді қолжетімді ету жайы қаралды

Елде алты айда робот сот орындаушылар 125 мыңнан астам істі қараған. Осылайша, 600 млн теңге үнемделген, деп хабарлайды 24kz.

Бұрын азаматтар жеке сот орындаушыларына қарызының 25%-і көлемінде ақы төлеуі тиіс болатын. Алайда робот уақытпен қоса, артық шығыннан сақтап қалды. Құқықтық қызметтерді қолжетімді ету жайы бүгін Үкімет отырысында қаралды. Ведомство басшысы Ерлан Сәрсенбаев Ұлттық даму жоспарына сәйкес алдағы 4 жылда жүзеге асатын бастамаларды таныстырды. Олардың қатарында мүлікке салынған тыйымды және елден шығуға уақытша шектеуді алып тастау, сондай-ақ борышкерлдер тізімінен шығару мәселесін автоматтандыру бар. Премьер-министр Олжас Бектенов саланы цифрландыру қадамдарын құптап, заңгерлік кеңес беру үшін чат-бот енгізуді жетелдетуді тапсырды.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында барлық саланы цифрландырудың бітұтас жүйесін құру қажеттігін атап өтті. Әділет органдарын дамыту мен цифрландыру азаматтардың, мемлекеттің және бизнестің заңды мүдделерін қорғауға бағытталған аса маңызды үдеріс. Осы орайда жасанды интелектіні дамыту алдыңғы қатарға шықты. Бұл – бюрократиядан арылудың негізі әдістерінің бірі. Сондықтан көрсетілетін қызметтердің жеделдігін, қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін цифрлық технологиялардың әлеуетін түгел пайдалану қажет.