Әншілердің фонограмма қолдану мәселесі қайта қаралады

Сахнада фонограммамен ән айтушы кәсіби әншілер бұл жайында халықты алдын ала құлағдар етуге міндетті. Себебі өнерсүйер қауым орындаушының жанды дауыста немесе алдын ала жазылған әнді орындап тұрғанын білуге құқылы. Алайда бұл норма іс жүзінде орындалмай келеді.

Мәжілісмендер егер концерт залында жанды дауыста ән айту үшін техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда ғана фонограмма қолдануға рұқсат етуді ұсынды. Қазір бұл норма талқыланып жатыр. Мәдениет және ақпарат вице министрі Айбек Сыдықов мәселені наурыз айында қайта қарап, ортақ шешімге келу жоспарланып отырғанын айтты. Ашық талқылауға шоу бизнес өкілдері, мәдени ұйым жетекшілері мен өзге де мүдделі тараптар қатыспақ.