Елімізде 400 мың жас жұмысқа орналасты
Елде NEET санатындағы 160 мыңнан астам жас бар. Олардың бастамаларын қолдау мақсатында «Zhas project» бағдарламасы ұйымдастырылған. Оның аясында 280 грант бөлінді.
Сондай-ақ былтыр 400 мыңнан астам жас жұмысқа орналастырылды. Бұл үшін өңірлерде «Jol Tap», «Jumys Tap» сияқты арнайы бағдарламалар жүзеге асқан. Маусымдық жұмыспен қамтуға бағытталған «Жасыл ел» жобасы да жалғасын тауып келеді.
Бұдан бөлек, мемлекет гранттар мен сыйақылар арқылы жастарға қолдау көрсетіп келеді. Өткен жылы 30 жасқа 90 млн теңге «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталды. Ал биыл жастарға арналған арнайы гранттық жобалар лудомания мен нашақорлықтың алдын алу, жастардың қаржылық және құқықтық сауатын арттыру және бағыттар бойынша бөлінеді. Жобаның жалпы сомасы шамамен 720 млн теңге.