«Отбасы банк» жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын іске асырып жатыр
«Отбасы банк» облыс әкімдіктерімен бірлесіп, арнайы ипотекалық бағдарламаларды іске асырып жатыр. Оның аясында 10% бастапқы жарна төлеп, 5%-тік мөлшерлемемен 19 жылға дейін несие алуға болады. Бұл бағдарламаға 35 жасқа дейінгі кез келген азамат қатысуға құқылы.
Жастар үшін арнайы квоталар қарастырылған республикалық тұрғын үй бағдарламалары да бар. Былтыр «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары аясында 3923 жасқа жалпы сомасы 103,4 млрд теңге несие берілді. Жалпы 2017 жылдан бері мемлекеттік бағдарламалармен 7200 жас баспаналы болған.