Ақтаудағы әскери бөлімде экспозициялық бұрыш ашылды

Ақтаудағы әскери бөлімде экспозициялық бұрыш ашылды

Ақтаудағы №6656 әскери бөлімде Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған экспозициялық бұрыш ашылды, деп хабарлайды 24KZ. Оған Маңғыстауда дүниеге келіп, Отанын қорғау үшін майданға аттанғандардың фотосуреттері, наградалары мен көзі тірісінде қолданған бұйымдар қойылды.

Музей бұрышына Ленинград қоршауында болғандар мен тыл еңбеккерлері жайлы мәлімет жазылған көне құжаттар да топтастырылған.

Оксана Семёнова, ҚР Ұлттық ұланы №6656 ә/б кітапхана бастығы:

- Жас сарбаздарға Екінші дүниежүзіліктің соғыстан неден басталғанын, оның салдары, елімізге қаншалықты ауыр болғанын түсіндіреміз. Кейінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған боздақтардың ерлігін баяндап, олардың есімін ұмытпауға шақырамыз. Әскерге келген адамның ең алдымен өз Отанын қорғауға міндетті екенін айтып жатырмыз.