Самар ауданында марал шаруашылығы қайта жанданады
Шығыс Қазақстандағы Самар ауданында марал шаруашылығы қайта жанданады, деп хабарлайды 24KZ. Инвесторлар әзірге 200 бас маралмен кәсіп бастамақшы.
Бұрын Самарда 1200 марал ұстаған ірі кешен болды. Пантымен емдейтін сауықтыру орталығына күн сайын алпыс адам келетін. Алайда 5 жыл бұрын құрғақшылық салдарынан шаруашылық шығынға ұшырап, мекеме таратылды. Биыл мамандар инвестор тартып, бұл кәсіпті қайта қолға алып жатыр. Ауданда шаруашылыққа қажетті инфрақұрылым да сақталған.
Ержан Байзақов, аудан тұрғыны:
- Жұмысшылар,жігіттер бар жұмыс істеген сонда. Бір жағынан «парковый зоналар» қалды, үйлер қалды, гараждар, электр желісі бар, қосса істейді. Инвесторлар келсе, дамытса, жақсы болатын еді.
Бауыржан Абылғазыұлы, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
- Инвестор 500 миллион теңге көлемінде алғашқы инвестициясын құюға дайын. Бүгінгі күнде ол инвестициялық жоба жаңағы уәкілетті органдардың келісімін барлығын алып, бүгінгі күнде аудандық жер бөлу мәселесі қарастырылып жатыр.