Жол саласын реформалау жөніндегі жаңа заң әзірленеді

Жол саласын реформалау мәселелеріне арналған жаңа заң жобасын бүгін Мәжіліс жұмысқа алды. Құжатты таныстырып өткен депутат Нұртай Сабильянов жоба автомобиль жолдарының сапасын арттыру және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында әзірленіп жатқанын жеткізді.

Оның ішінде битум бөлу процесін регламенттеу тетігі енгізіліп отыр. Ақылы автожолдардан түсетін қаражатты жол учаскелерін жөндеу мен күтіп-ұстау жайы да алдағы отырыста жан-жақты талқыланады.