Жезқазғандық антикор өкілдері жемқорлық тақырыбында квиз ұйымдастырды

Жезқазғандық антикор өкілдері жастар арасында жемқорлық тақырыбында квиз челлендж бастады, деп хабарлайды 24KZ. Мұндағы мақсат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында заңнама талаптарын қызықты етіп жеткізу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Білім сайысына жоғары оқу орны мен колледж студенттерінен жасақталған 5 команда қатысты. Алғашқы кезеңде олар жемқорлық тақырыбына қатысты тест сұрақтарына жауап берсе, екінші айналымда түрлі ситуациялық тапсырмаларды шешті. Ойын соңында студенттер заң мен тәртіпті бұлжытпай сақтауға міндеттеме алып, қызықты сайысты челлендж ретінде өзге қала-аудандардың жастарына жолдады.

Жасұлан Хамитов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Мемлекет басшысы атап өткен «Заң мен тәртіп» қоғамда терең орнықтыру аясында жүзеге асырылып отыр. Бағдарлама аясында қатысушылар білімдерін көрсетіп, жемқорлық жағдайында дұрыс әрекет етуге үйрететін ойын өткізілді. Осындай квиз ойын өзіміздің Ұлытау облысында өткізіліп, басқа өңірлерге жеткізіледі.