Алматыда цифрлық журналистика мен жасанды интеллект тақырыбы талқыланды
Цифрлық трансформация мен жасанды интеллект журналистика саласының дамуына қалай әсер етеді? Орталық Азия елдері мен Қытайдан келген студенттер осы тақырыпты Алматыда өткен дөңгелек үстелде талқылады. Кездесуді Мәдениет және ақпарат министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымы өңірлік өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Жиында журналистиканы цифрландыру және ақпарат беру процесінде нейрожелілерді қолдану мәселелері көтерілді. Соңғы жылдары Орталық Азия мен Қытайда ғаламтор мен мобильді құрылғыларды пайдаланушылар саны едәуір артқан. Бұл аудиторияның цифрлық платформаларға жедел ауысуына әкелді. «Бірақ жасанды интеллектінің артықшылығымен бірге сын-қатері де бар. Сондықтан Орталық Азия елдері үшін Қытайдың журналистиканы цифрландыру тәжірибесі құнды», – дейді мамандар.
Гүлмира Сұлтанбаева, Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің профессоры:
- Журналистикадағы жасанды интеллект қолданысы бізде журналист жұмысын жеңілдетеді. Бірақ еш уақытта журналистің, адам жазған мәтінін жаза алмайды. Ол бір. Ол тек қана журналистермен деректермен жұмыс істеуде, оларды белгілі бір деңгейде жинақтауға, көмек бере алады.