Алматыда балалар демалысының жол картасы таныстырылды

Қазақстандағы балалар лагерлерінде жазғы демалысты ұйымдастыру мәселесі өзекті. Алматыдағы қоғамдық кеңестің мәліметінше бұған лагерьлер инфрақұрылымының талапқа сай келмеуі себеп. Осыған байланысты мегаполисте лагерлерді жаңғыртуға бағытталған жаңа жол картасы таныстырылды.
Бұның бәрі олардың заманауи стандарттарға сәйкестігін, санитарлық нормалардың сақталуын бақылауға көмектеседі. Білім беру және ойын-сауық бағдарламаларының сапасын жақсартады. Қоғамдық кеңес өкілдері жыл бойы түскен өтініштер мен шағымдар негізінде мекемелерге тексеріс жүргізілетінін ескертті.
Рафаэль Гасанов, қоғамдық кеңестің білім беру мәселелері жөніндегі комитет төрағасы:
- Былтыр біз 12 балалар лагеріне мониторинг жүргіздік. Нәтижесінде солардың тек төртеуіне балаларды жіберу туралы шешім қабылданды. Бұл біздің лагерлердің министрліктер бекіткен талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді.